Аллаһ қаласа,бірге боламыз!
"Күнім"деп күліп еркелеткеніңіз үшін,
Мұңды күнімді келте еткеніңіз үшін,
-"Бақытым сенсің заңғар көктегі"-,
Деп өмірімді ертек еткеніңіз үшін,
Мен сізге ғашық болдым!
Ашық киінгенімді қаламағаныңыз үшін,
Қате кеткенде қараламағаныңыз үшін,
Мұқтаж болған жылуға жанымды,
Жалғызсыратып жараламағаныңыз үшін,
Мен сізді құрметтеймін!
Ар-намысымды биіктеткеніңіз үшін,
Мен жайлы ауыр сөзге күйіп кеткеніңіз үшін,
Сүйкімді сұлу арулар ішінен,
Мені таңдап сүйікті еткеніңіз үшін,
Мен сізді бағалаймын!
Заңғардай асау жігіттілігіңіз үшін,
Адамды сыйлар биіктігіңіз үшін,
Кеудемді менің отқа оратып,
Болашағыма үміт үйдіргеніңіз үшін,
Мен сізге сенім арттым!
Өзге аруға сұқтанып қарамайтыныңыз үшін,
Өзгені болашақ жарым деп санамайтыныңыз үшін,
Пәк сезіміме сызат түсірмей,
Шынарымсың деп бағалайтыныңыз үшін,
Мен сізді сүйіп қалдым!
Жаман әдеттерді тастағаныңыз үшін,
Жанардан жасым тамбағандығы үшін,
Арамызда дау тудырмақ болып,
Бәзбіреулердің сандалғандығы үшін,
Мен сізге риза болдым!
Тұрақсыз жүректі бағындырғаныңыз үшін,
Көріспей кетсек сағындырғаныңыз үшін,
Менің кеудеме толысып өскен,
Тәкаппарлықтың сағын сындырғаныңыз үшін,
Мен сізге қызғана қарадым!
Құласам тірек болғандығыңыз үшін,
Басыма бақ боп қонғандығыңыз үшін,
Аллаһ қаласа сүйіп өтемін,
Сәт сайын күйіп, тоңғандығыңыз үшін,
Аллаһ қаласа, бірге боламыз.
Асыл жарым....🌿